Accessibility links

Бішкек соты тәуелсіз журналистің өтінішін қанағаттандырмады


Болат Теміров.
Болат Теміров.

Бішкек қалалық соты 7 шілдеде Temirov LIVE YouTube каналының негізін қалаушы, тәуелсіз журналист Болат Теміровтің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғау жөніндегі арызын қанағаттандырмады.

Журналистің айтуынша, оның кеңсесіне тінту жүргізілген кезде, түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап кеткен.

"Видеоны кімдердің түсіргенін білеміз. Келесі күні жалған аккаунттар арқылы желіге тарап кетті. Біз прокуратураға, сотқа шағымдандық. Бәрі іс қозғаудан бас тартып жатыр. Енді қалалық сот та аудандық соттың шешімін күшінде қадырды" дейді Теміров.

Қаңтар айында Temirov LIVE кеңсесіне тінту жүргізіліп, оның басшысы, журналист Болот Теміровке қатысты есірткіні заңсыз сақтады деген күдікпен айып тағылған.

Осының алдында ғана Теміров командасы "Қырғызмұнайгаз" мемлекеттік компаниясы шығаратын мазут экспортына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевтің қатысы бары жөнінде зерттеу материалын жариялаған.

Сонымен бірге Камчыбек Ташиевтің балаларының мемлекеттік тендерге қалай қатысып, жеңіп алатыны жөнінде де зерттеу шыққан.

Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдар Қырғызстан билігі Болат Теміровті қуғындауды тоқтатуға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG