Accessibility links

Украин сарбаздарының алғашқы тобы Ұлыбританияда әскери дайындықтан өте бастады


Манчестер маңында дайындықтан өтіп жатқан украин еріктілері. Ұлыбритания, 7 шілде 2022 жыл.
Манчестер маңында дайындықтан өтіп жатқан украин еріктілері. Ұлыбритания, 7 шілде 2022 жыл.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаңадан әскери қызметке алынған 10 мың украин еріктісі алдағы айларда Ұлыбританияда әскери дайындықтан өтеді. Олар елге келіп, дайындыққа кіріскен.

Қорғаныс министрлігі өкілдерінің айтуынша, 1050 британдық жаттықтырушы тәжірибесіз украин еріктілерін Ұлыбританияның бірнеше аумағында жаттықтырады. Қорғаныс министрі Бен Уоллес осы аптада ертерек олармен кездескен.

"Бұл жаңа жаттықтыру бағдарламасы Ұлыбританияның Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жатқан украин армиясын қолдауының келесі бір кезеңі" деді Бен Уоллес.

Британ министрінің сөзіне қарағанда, украиналықтар британ солдаттарын дайындайтын базалық бағдарламадан өтеді. Атап айтқанда, олар қару-жарақ қолдану, майдан алаңында алғашқы көмек көрсету, дала дағдылары, бақылау тактикасы және қарулы қақтығыс заңдарын меңгереді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG