Accessibility links

Алматыда құлдықта болған 10 өзбек азаматы еліне оралды


Алматыда жұмыс істеп жатқан өзбек мигранттарының бірі. Көрнекі сурет.
Алматыда жұмыс істеп жатқан өзбек мигранттарының бірі. Көрнекі сурет.

Алматыда қара жұмысқа жегілген он өзбек азаматы босатылып, еліне қайтарылды.

Dunyo.info ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Алматыдағы бас консулдығына үш өзбек азаматы қайырылып, жеке үйлердің бірінде бір топ адам 10 адамды қорқытып, ұстап отырғанын айтқан. Жергілікті тұрғындар олардың жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алып, жұмысқа салған деп айтылады.

Бас консулдық пен Алматының құқық қорғау орган өкілдері оқиға орнына барып, өзбек азаматтарын Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізген. Оларды күштеп ұстағандарға "Өзінше билік ету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ақпаратқа қарағанда, Өзбекстан азаматтарына құжаттар мен жеке заттары қайтарылып, қажетті тергеу шаралары жүргізілген. 1 тамызда елдеріне қайтырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG