Accessibility links

Путин Қырғызстан және Тәжікстан президенттерімен телефон арқылы сөйлесті


Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста қаза болған жауынгерлерді жерлеу рәсімі. Қырғызстан, 18 қыркүйек 2022 жыл.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста қаза болған жауынгерлерді жерлеу рәсімі. Қырғызстан, 18 қыркүйек 2022 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Олар қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуалды талқылады, деп жазды Кремль сайты.

Ақпаратқа қарағанда, Путин тараптарды "жағдайды ушықтырмауға және мәселені бейбіт, саяси-дипломатиялық жолдармен тезірек шешу үшін шара қолдануға" үндеген.

Қырғызстанда 19 қыркүйек қырғыз-шекарасында болған қақтығыстан қаза тапқандарды аза тұту күні ретінде жарияланды. Қырғыз жағы қаза болғандар 36 адамға жеткенін хабарлады, арасында 15 жастағы оқушы да бар. 140 адам зардап шеккен.

Ал Тәжікстан сыртқы істер министрлігі жексенбі күні 30-дан астам адамның қаза болғанын мәлімдеді. Азаттықтың Тәжік қызметі бұған дейін құпия дереккөздерге сүйене отырып, 39 адамның опат болғанын хабарлаған. Арасында бейбіт тұрғындар да бар.

  • Қырғыз-тәжік шекарасында жағдай 16 қыркүйекте күрт ушыққан. Тараптар жағдайға бір-бірін кінәлады. Жұма күні тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келгенмен шекарада қақтығыс тыншымағаны хабарланды. Әлеуметтік желіде қақтығыстың салдарынан қираған, бүлінген елді мекендер туралы видеолар тарады.
  • Қырғызстан мен Тәжікстанда Ресей әскери базалары орналасқан. 16 қыркүйекте Мәскеу тараптарды әскери қимылды тоқтатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG