Accessibility links

"База" басылымының видеосы: Әскерге алынған ондаған адам төсек-орынсыз, еденде жатыр


Әскерге алынғандарды шығарып салу. Ресей, Амурдағы Комсомольск
Әскерге алынғандарды шығарып салу. Ресей, Амурдағы Комсомольск

Владимир Путиннің ішінара мобилизациялау туралы жарлығынан кейін әскерге алынған ондаған адам әскери бөлімдердің бірінде төсек орынсыз, еденде жатуға мәжбүр. Көбі Дағыстаннан әскерге алынғандар.

"База" басылымы жариялаған видеода әскерге алынғандардың бірі өзін Иса Нурмагомедов деп таныстырған.

"Отан үшін соғысуға келдім, бірақ бізде ештеңе жоқ ", - дейді видео түсіріп тұрған жас жігіт. "Бұл видео кейін бізді жамандағысы келгендерге арналады", - дейді ол.

Жексенбіде "Агентство" басылымы Ресейдің әр облысынан әскерге алынғандарға сұрау салып, олардың көбі әскери бөлімде жерде жатқанын, медициналық тексерістен өтпегенін, дұрыс тамақтанбағанын жазған.

Журналистер жариялаған ақпаратта мұндай жағдай Ресейдің Волгоград, Киров, Свердловск және Сахалин облыстарында, Чувашия мен Подмосковьеде байқалған. Мұнан өзге "Агентство" редакциясы қолындағы ақпараттарға сүйеніп, әскери дайындық небәрі екі апта болатынын хабарлаған.

21 қыркүйекте Владимир Путин Украинадағы соғыс үшін ішінара әскери мобилизация жариялаған. Ресей президентінің сөзінше, әскерге запастағы әскери қызметкерлер ғана алынып, арнайы дайындықтан өтеді. Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу ішінара мобилизация кезінде резервте тұрған 300 мың адам әскерге шақырылатанын айтқан. Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей билігі миллионға жуық азаматын әскерге алуды көздеп отыр.

Мобилизация туралы жарлықтан кейін Ресейдің ондаған қаласында қарсылық акциясы басталған. Ресейдің әскерге жарамды мыңдаған азаматы шетелге қашқан. Кейбір ақпараттарға қарағанда Ресей билігі таяу арада әскерге жарамды азаматтарының шетелге шығуына тыйым салуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG