Accessibility links

Қырғызстанда "су қоймасын Өзбекстанға береді" деп қауіптенген жүздеген адам наразылыққа шықты


Кемпірабад мәселесі бойынша жиналғандар. 29 қыркүйек 2022 жыл.
Кемпірабад мәселесі бойынша жиналғандар. 29 қыркүйек 2022 жыл.

29 қыркүйекте Қырғызстанның Үзген ауданында жүздеген адам наразылыққа шықты. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Кемпірабад су қоймасын Өзбекстанға береді деп қауіптенген наразылар президент пен парламенттен екі ел арасында жасалған соңғы хаттаманы түсіндіруді талап еткен.

26 қыркүйекте Қырғызстан мен Өзбекстан үкімет делегациясы қырғыз-өзбек шекарасына делимитация және демаркация жүргізу бойынша хаттамаға қол қойған. Бұл құжат шекараның жекелеген бөліктері бойынша жаңа келісім жобасын мақұлдау процедурасын бастауға мүмкіндік береді.

24-25 наурызда Ташкентте Қырғызстан және Өзбекстан үкіметаралық комиссиясы шекараға делимитация және демаркация жүргізу бойынша келіссөз өткізген. Оған Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Камчыбек Ташиев те қатысқан. Кейін Бішкектегі баспасөз жиынында ол су қоймасы толық өзбек жағында қалады, алайда су ресурстарын екі ел бірігіп пайдаланады деп мәлімдеген.

Ташиевтің бұл мәлімдемесінен кейін биліктің шешіміне қарсы бірнеше наразылық акциясы өтті. Тамыз айында Қырғызстанның Ош облысында Өзген ауданында тұрғындар шеруге шығып, биліктен қырғыз-шекарасы сызығын анықтау мәселесін нақтылауды талап етті.

XS
SM
MD
LG