Accessibility links

Қазақстан Украинадағы елшілігі қызметкерлерінің басым бөлігін Варшаваға көшірді


Қазақстанның Киевтегі елшілігі.
Қазақстанның Киевтегі елшілігі.

Қазақстан Украинадағы елшілігі қызметкерлерінің басым бөлігін Варшаваға көшірді. 20 қазанда ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, дегенмен мәселе толық эвакуация жөнінде болып отырған жоқ.

– Дипломатия қызметкерлеріміздің өмірін қауіпке тіккіміз келмейді. Сондықтан қазір мәселе қызметкерлерді көшіру жөнінде болып отыр. Қазір дипломаттардың басым бөлігі Варшаваға көшірілді және сол жақтан жұмыс істеп жатыр, – деді Мұхтар Тілеуберді.

Министр дегенмен Қазақстанның Украинадағы елшісі Киевте екенін, күн сайын сондағы қазақстандықтарға эвакуация бойынша көмектесіп жатқанын айтты.

Тілеубердінің сөзіне қарағанда, нақты жағдайда Украинада қанша қазақстандық қалғанын айту қиын. Бірақ елшілік мәліметіне қарағанда, онда шамамен 200 Қазақстан азаматы қалған болуы мүмкін. Министр олардың Польша және Молдоваға кету мүмкіндігі барын айтты.

10 қазаннан бері Киев пен Украинаның өзге қалалары жаппай зымыран шабуылына ұшыраған еді. Бұған дейін кейбір мемлекеттер Украинадағы азаматтарын өзге елге кетуге үндеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG