Accessibility links

Қырғызстан: Азаттық қаржы барлауы мен арнайы қызметтен банк шотын бұғаттау себебін сұрады


Азаттықтың Қырғыз қызметінің белгісі.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің белгісі.

Азаттықтың Қырғыз қызметі "Азаттық Медиа" мекемесі қаржы министрлігіне қарасты қаржы барлауы қызметі және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінен редакцияның банк шоты не себепті бұғатталғанын сұрады.

31 қазанда "Азаттық Медиа" мекемесінің "Демирбанктағы" шоты ешқандай ескертусіз және түсіндірмесіз бұғатталған. "Азаттық Медиа" 31 қазанда және 1 қарашада банкке хат жолдап, түсіндіруін талап еткен.

2 қарашада "Демирбанк" "Азаттық Медианың" шоты "Террористік әрекетті қаржыландыру және қылмыстық кірісті заңдастырумен күрес жөніндегі" заңның 14-бабына сәйкес бұғатталғанын айтқан. Бұл мәселенің анық-қанығын қаржы барлауы қызметінен сұрап білуге кеңес берген.

"Азаттық Медиа" банк шоты негізсіз бұғатталғанын және мекемеде жұмыс істейтін Қырғызстан азаматтарының құқығы бұзылғанын атап өтті.

Бұған қоса қаржы операцияларын тоқтату туралы шешімге негіз болған құжаттарды, қаржы барлау қызметінің шотты бұғаттау шешімінің көшірмесін беруді талап еткен.

"Азат Еуропа/Азаттық" радиосының президенті Джейми Флай "қырғыз билігі бұл әрекетімен Қырғызстан заңдарын бұзып жатқанын көрсетеді. Біз журналистердің аузын жабу әрекетіне қарсы күресеміз" деген.

26 қазанда Қырғызстан ақпарат министрлігі "Азаттық Медиа" мекемесінің веб-сайтын екі айға жабу туралы шешім шығарған.

Халықаралық "Журналистерді қорғау комитеті" (CPJ) мен Human Rights Watch (HRW) Азаттықтың бұғатталуына байланысты мәлімдеме жасап, қырғыз билігін шешімнің күшін жоюға шақырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG