Accessibility links

WADA ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Валиеваны сотқа берді. Ол Пекин олимпиадасының алтынын алмауы мүмкін


Камила Валиева
Камила Валиева

Дүниежүзілік антидопинг агенттігі (WADA) ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваны допинг ережесін бұзды деп тануды және төрт жылға спорттан шеттетуді талап етті. WADA Валиеваның үстінен Спорттық арбитраж сотына (CAS) шағым түсірді.

Егер CAS шағымды қанағаттандырса Валиева 2022 жылы Ресей чемпионатында, Еуропа чемпионатында алған алтын медальдарын қайтарып беруі тиіс. Бұған қоса, Ресей құрамасына мәнерлеп сырғанаудан Пекин олимпиадасының командалық жарысының алтыны берілмеуі мүмкін.

Валиеваның 2021 жылы 25 желтоқсандағы допинг сынамасынан рұқсат етілмеген триметазидин препараты табылған. Бірақ бұл жайында биыл ақпанда Пекин олимпиадасы кезінде белгілі болған. Пекин олимпиадасында Валиева Ресей құрамасы сапында командалық жарыста жеңген еді. Бірақ допинг дауына байланысты Ресей командасына алтын медаль табысталмаған.

CAS Валиева ісі бойынша қашан шешім шығаратыны белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG