Accessibility links

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның рөліне күмән келтірген тәжік адвокаты жазаға тартылды


Адвокат Бузургмехр Ёров
Адвокат Бузургмехр Ёров

Көптен бері түрмеде жатқан тәжік адвокаты Бузургмехр Ёров Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның рөліне күмән келтіргені үшін айып бөлмесіне оқшауланған.

Оның бауыры, "Бузургмехр" қорының басшысы Жәмшит Ёров 20 қарашада Азаттықтың Тәжік редакциясы - Радио Озодиға оқиғаның Президент күні мерекесінде болғанын, інісінің 15 тәулік айып бөлмесінде жатқанын хабарлаған. Тәжікстанда 16 қараша Тәжікстан президенті күні деп аталады.

"Эмомали Рахмонның қоғам мен елдің дамуындағы рөлі туралы Бузургмехр түрме өкілдерімен дауласып қалған. Буругмехрдің сыни ой-пікірлері түрме әкімшілігіне ұнамаған,"- дейді Жәмшит Ёров.

Бузургмехр Ёров 2015 жылы 28 қыркүйекте "жалған құжат жасады" деген айыппен сотталған. Оның алдында Ёров Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өрлеу партиясының тергеуде отырған 14 мүшесінің құқығын қорғауды мойнына алған. Кейін адвокатың үстінен "билік өкілінің ар-ожданына тиді", "сотқа құрмет көрсетпеді", "Тәжікстан президенті – Ұлт көшбасшысына тіл тигізді" деген айыптармен тағы да қылмыстық істер қозғалған. 2016 жылы сот оны 28 жылға соттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG