Accessibility links

Қожанасыр хикаяларын айту дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енді


Шығыс халықтары арасында тараған Қожанасыр кейіпкеріне арналған Бұқарадағы ескерткіш.
Шығыс халықтары арасында тараған Қожанасыр кейіпкеріне арналған Бұқарадағы ескерткіш.

Дәстүрлі жібек өндірісі мен Қожанасыр туралы тәмсіл айту дәстүрі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралардың репрезентатив тізіміне енді. Бұл туралы Өзбекстан туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұндай шешім материалдық емес мәдени мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 17-сессиясында қабылданды. Комитет сессиясы Мароккода өтіп жатыр.

"Жібек шаруашылығы және тоқымаға арналған дәстүрлі жібек өндірісі" жөніндегі өтінішті Өзбекстанмен қатар Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан, Түркіменстан мен Түркия дайындаған. Ал "Қожанасыр туралы тәмсіл айту дәстүрін" Өзбекстанмен бірге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Түркия ұсынған.

Жиынға қатысушылар дәстүрлі жібек құртын өсіру технологиясына қызығып, Өзбекстанда жібек шаруашылығы қалай дамып жатқаны төңірегінде әңгімелесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Өзбекстан осымен Репрезентатив тізімге 11 мұра қосты. Мұның алдында материалдық емес мәдени мұралар тізіміне "Бахши", "Лазги", "Палау", "Аския", "Миниатюра", "Наурыз", "Шашмақом" және басқалары енген.

XS
SM
MD
LG