Accessibility links

Украина Донбаста шабуылдарға тойтарыс берді. Ресей Бахмутты "күлге айналдырған"


Курахов қаласына соққы жасалғаннан кейін қираған үйінің жанында тұрған әйел. Донецк облысы, 8 желтоқсан, 2022 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский Донецкідегі Бахмут қаласын қоршауға ұмтылған Ресей күштері қаланы “күлге айналдырды” деп мәлімдеді. Сенбі күні украин әскері Донецк мен Луганск аймағында шабуылдарға тойтарыс бергенін айтты.

10 желтоқсан күнгі видеомәлімдемесінде Зеленский жартылай басып алынған Донецк мен Луганск аймағында бірнеше қалада жағдай ауыр екенін айтты.

“Бахмут, Соледар, Маринка, Кремина. Бұл аумақтарда атқыланбаған, соққы жасалмаған жер қалмады. Оккупанттар Бахмутты қиратты, бұл Ресей армиясы күлге айналдырған Донбастағы тағы бір қала” деді Зеленский.

Сенбі күні күндіз Украина қарулы күштері Бахмут және Донецк мен Луганскіде орыс әскерінің шабуылдарына тойтарыс бергенін мәлімдеген.

Ресей ақпан айында Украинаға басып кіргеннен кейін тұтас Донбасты басып алуға ұмтылған. Аймақтың бір бөлігін 2014 жылы ресейшіл сепаратистер бақылауға алған.

Күзде украин әскері қарымта шабуылдың нәтижесінде елдің оңтүстік-шығысындағы елді мекендерді қайтарғаннан кейін Ресей фокусты Бахмұтқа қайта бұрып, маңызды торапты жаппай әскер мен жабдықтардың көмегімен қоршауға тырысқан.

Ресей қарулы күштері осы аптада Бахмутқа сәтті шабуыл жасалғанын мәлімдеген. Вашингтонда шоғырланған соғысты зерттеу институты Ресей қаланы тек үлкен шығынға батып қана басып ала алады деп мәлімдеген.

10 желтоқсан күнгі видеомәлімдемесінде Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның оңтүстігіндегі Одессада да жағдай өте ауыр екенін айтты. Ресей ирандық дрондармен Одессадағы энергия инфрақұрылымдарына соққы жасағаннан кейін қалада мыңдаған тұрғын жарықсыз қалған. Зеленскийдің айтуынша, өкінішке қарай инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін көп уақыт керек.

Мәскеу Украинаның энергия инфрақұрылымдарын қазаннан бері зымыран және дрондармен атқылап келеді. Киев пен құқық қорғаушылар Ресей украиналықтарды қыс кезінде жылу, жарық, судан айырып, әскери қылмыс жасап отыр деп мәлімдеді.

Ресейге камикадзе-дрондарын берген Иран Кремльдің Украинаға соғысын қолдағаны үшін сынға ұшырады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG