Accessibility links

Зеленский Байденмен кездесуге АҚШ-қа ұшып кетті. Бұл – оның соғыс басталғалы бергі алғашқы сапары


АҚШ президенті Джо Байден және Украина президенті Владимир Зеленский. 1 қыркүйек, 2021 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтонға ұшып кетті, деп хабарлады екі дереккөзге сүйенген CNN телеарнасы. Бұл оның 24 ақпаннан бергі шетелге алғашқы сапары.

Владимир Зеленский Ақ үйде президент Джо Байденмен кездесіп, Конгрестің бірлескен отырысында сөз сөйлейді.

CNN жазуынша, сапар барысында Байден Украинаға 1,8 млрд доллар көлемінде қосымша көмек беру туралы жоспарын жариялайды. Аталған көмек аясында Украинаға Patriot зымыран кешені де беріледі.

Бірнеше сағат бұрын Зеленский Твиттерде АҚШ-қа ұшып бара жатқанын растады.

Зеленскийдің АҚШ-қа сапарлауы мүмкін екенін осыған дейін Американың бірқатар ақпарат құралдары, Punchbowl News және Axioх хабарлаған. Дереккөздерге сүйенген Reuters агенттігі сапардың расталмағанын және қауіпсіздік мақсатында жоспар өзгеруі мүмкін екенін хабарлаған.

Украина президенті Владимир Зеленский бір күн бұрын орыс әскерімен кескілескен шайқас жүріп жатқан Бахмут қаласына барып, қаланы қорғаған азаматтарды марапаттаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG