Accessibility links

Талдықорған соты "алаяқтық" күдігіне ілінген судьяны бес жылға соттады


Талдықорған қалалық соты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономика сотының судьясы Алмагүл Түменбаеваны бес жыл түрмеге кесті. Бұл жөнінде сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің 24 желтоқсан таңертеңгі хабарламасында айтылған.

Ақпаратқа қарағанда, Түменбаева "Алаяқтық" (190-бап, 3-бөлігі) күдігіне ілінген. Сот пен тергеушілердің айтуынша, ол жеке компаниядан "қолайлы" шешім шығарғаны үшін "1,5 млн теңге" сыйақы алған. Жергілікті БАҚ Түменбаеваның сотта кінәсін толық мойындағанын жазды.

Ал жеке компания басшысы кінәсін мойындамаған деп айтылады. Сот оны "пара беруге оқталғаны үшін" 4 жылға бас бостандығынан айырған. Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда өмір бойы лауазымды қызмет істеу құқығынан айырған.

Сот үкімі 20 желтоқсанда шыққан. Әзірге, заңды күшіне енген жоқ.

Сот үкімі әзірге sud.kz сайтында жарияланбады. Қорғау тарабы ақпарат құралдарына шықпаған.

Қазақстанда судьялар жемқорлық дауларына жиі ілігеді. Биыл қыркүйекте жемқорлық күдігіне ілінген қостанайлық судьяның екі айға қамалғаны хабарланған. Мамырда Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Тараз қалалық соты төрағасының ісін тергейтінін айтқан. Ол "азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін пара алды" деген күдікке ілінген.

Былтыр Жоғарғы сот судьясы Мейрам Жаңғұттинов пен Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының бұрынғы судьясы Лиза Тұрғынбаева "пара алу" бабы бойынша сотталды.

  • Transparency International халықаралық ұйымының биыл қаңтарда жарияланған жемқорлық индексінде Қазақстан сегіз сатыға төмендеп, 180 елдің ішінде 102-орын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG