Қазақстанда кейінгі бір күнде 181 адамнан коронвирус белгісі, 17 адамға коронавирус пневмониясы жұққаны анықталған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрліктің жаңа, 2023 жылдың алғашқы күнгі мәліметі бойынша, елде барлығы 2806 адам (2610-ы – коронавирус жұқтырған, 196-сы коронавирус пневмониясына шалдыққан) емделіп жатыр. 259-ы – ауруханада, 2547 науқас амбулаторияда ем қабылдап жатыр.
Сегі науқастың жағдайы ауыр, бес адамның халі – өте ауыр, екі сырқат жасанды тыныс аппаратына қосылған деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Науқастардың 7-інің жағдайы ауыр, алтауының жағдайы өте ауыр. 2 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Індет басталғалы бері Қазақстанда 1 403 137 адам коронавирусқа шалдыққан, 90 597 адам коронавирус пневмониясын жұқтырған. 19 мыңнан астам адам коронавирустан қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР