"Түркиядағы зілзаладан кейін хабар-ошарсыз кеткен қазақ әйелінің денесі табылып, Қазақстанға жеткізілді" деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақ әйелінің мәйіті 10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Қаһраманмараш қаласында құтқару жұмыстары кезінде табылған. Алматыға келген туыстары ол Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова екенін таныды" дейді СІМ Telegram-дағы арнасында.
Жанар Жақсыбекованың денесі Қаһраманмараштан Антальяға, одан Алматыға, бүгін Талдықорғанға жеткізілген. СІМ ақпаратына қарағанда, сүйекті тасымалдау шығынын мемлекет көтерген. Марқұмның туыстарына Түркияның Pegasus әуе компаниясы 90 пайыз жеңілдік жасаған.
Бұған дейін Түркиядағы зілзалада қаза тапқан Мирболат Құрмашев пен Әділ Қыдырбековтің денесі Қазақстанға әкелініп, жерленген еді.
"Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 29 605 адамға жетті" деп хабарлайды Түркияның Anadolu агенттігі. Сирияда 4574 адам опат болған.
ПІКІРЛЕР