Accessibility links

Астанада полиция бірнеше адамды ұстап, кейін босатты

24 ақпанда Астанада бірнеше адамды полиция ұстап әкетіп, кейін босатты.

Жұма күні түстен кейін полиция Ресей елшілігі маңында пикет өткізбек болған құқық қорғаушы Артур Алхасовты ұстап, бір сағаттан соң босатты.

"Мені полиция әкімдік маңында шамамен сағат 15.45-терде ұстады. Байқоңыр полиция басқармасына жеткізді. Арнайы жасақ ұстады. Ол жақта бір сағаттай болдым. Пикет жасамауға үгіттеді. Мен заң бойынша пикет жасауға құқығым бар дедім. Ақыры босатып жіберді. Қазір плакатымды әкелуге кетіп бара жатырмын. Ресей елшілігіне барамын" деді полициядан шыққан Артур Алхасов Азаттық тілшісіне.

Айтуынша, ол бұған дейін әкімдікке пикет өткізетінін ескерткен, әкімдік жауап бермеген. Заң бойынша, атқарушы орган жауап бермесе, рұқсат еткен болып есептеледі.

BES.media телеграм-арнасының жазуынша, полиция "Артур Алхасовпен байланыс үзілген соң, оны іздеген" "Еркіндік қанаты" қорының екі қызметкерін де ұстаған. Олар да Байқоңыр полиция басқармасына жеткізілген. Әзірше олардың басқармадан шыққаны-шықпағаны белгісіз.

Жұма күні Masa.media сайты Украина елшілігі маңында сайттың редакторы Айдар Елкеевті полиция ұстап әкеткенін хабарлаған еді. 18.00-ге таман ол да босап шыққан. Ол Астананың Алматы аудандық полиция басқармасында болған.

Астана полициясы әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік бермеді.

24 ақпанда Ресейдің Украинаға басқыншылығына бір жыл толған күні Алматы мен Астанада Украинаны қолдау шаралары өтетіні хабарланған еді. Жұма күні күндіз Алматыда бірнеше адам Тарас Шевченко ескерткіші маңына жиналып, басқыншылықты айыптап, Украинаға қолдау білдірген. Оқиғаны полиция сырттай бақылап тұрды.

"Соғыс тоқтасын!" Алматыдағы бейбіт акция

24 ақпанда Алматыда украин ақыны Тарас Шевченко ескерткіші маңына бірнеше құқық қорғаушы мен белсенді жиналып, Ресей басқыншылығын айыптап, Украинаға қолдау білдірді. Ресей Украинаға басқыншылық соғыс ашқанына бір жыл толды.
1/12 24 ақпанда Алматыда украин ақыны Тарас Шевченко ескерткіші маңына бірнеше құқық қорғаушы мен белсенді жиналып, Ресей басқыншылығын айыптап, Украинаға қолдау білдірді. Ресей Украинаға басқыншылық соғыс ашқанына бір жыл толды.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Украин ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші алдына алма қойып жатқан адам. Ресей Украинаға басқыншылық соғыс ашқанына бір жыл толған күні осы ескерткішке адамдар гүл, алма, Украина туы мен "Соғыс тоқтасын!" деген жазуы бар плакаттар қойды.
2/12 Украин ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші алдына алма қойып жатқан адам. Ресей Украинаға басқыншылық соғыс ашқанына бір жыл толған күні осы ескерткішке адамдар гүл, алма, Украина туы мен "Соғыс тоқтасын!" деген жазуы бар плакаттар қойды.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы кең көлемді соғыс бастады. Кремль "арнаулы әскери операция" деп атайтын соғыс ондаған мың адамның өмірін жалмап, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Әлемнің дамыған елдері Ресейге санкция салды, соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті.
3/12 2022 жылғы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы кең көлемді соғыс бастады. Кремль "арнаулы әскери операция" деп атайтын соғыс ондаған мың адамның өмірін жалмап, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Әлемнің дамыған елдері Ресейге санкция салды, соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Бұған дейін Алматы әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау акциясын өткізуге рұқсат бермеген еді. Бірақ белсенділер мәселеге бейжай қарамайтынын көрсету үшін 24 ақпан күні түсте Тарас Шевченко ескерткіші алдына жиналатынын хабарлаған.

Суретте: Украин ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші маңында тұрған полиция көлігі. Алматы, 24 ақпан, 2023 жыл.
4/12 Бұған дейін Алматы әкімдігі белсенділерге Украинаны қолдау акциясын өткізуге рұқсат бермеген еді. Бірақ белсенділер мәселеге бейжай қарамайтынын көрсету үшін 24 ақпан күні түсте Тарас Шевченко ескерткіші алдына жиналатынын хабарлаған.

Суретте: Украин ақыны Тарас Шевченконың ескерткіші маңында тұрған полиция көлігі. Алматы, 24 ақпан, 2023 жыл.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Азаматтық белсенді Марат Тұрымбетов украин ақыны Тарас Шевченконың ескерткішіне гүл қойып жатыр.
5/12 Азаматтық белсенді Марат Тұрымбетов украин ақыны Тарас Шевченконың ескерткішіне гүл қойып жатыр.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Бейбіт акцияға қатысқан құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов: "Зұлымдық жазасыз қалмауы керек. Өз халқын зомбиге айналдырған Путинді Гаага сотында заңға сәйкес жауапқа тарту керек. Әділдікке сай жазаға тартылсын!" деді.

Суретте: құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов Қазақстан мен Украинаның мемлекеттік туларын ұстап тұр.
6/12 Бейбіт акцияға қатысқан құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов: "Зұлымдық жазасыз қалмауы керек. Өз халқын зомбиге айналдырған Путинді Гаага сотында заңға сәйкес жауапқа тарту керек. Әділдікке сай жазаға тартылсын!" деді.

Суретте: құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов Қазақстан мен Украинаның мемлекеттік туларын ұстап тұр.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Украин халқының әйгілі ақыны Тарас Шевченко ескерткішіне гүл қойып жатқандардың көбі – ресейліктер. Азаттық тілшісі сөйлескен Ресей азаматтары былтыр соғыс басталғаннан кейін сәуірде Алматыға қоныс аударғанын, соғысты қолдамайтынын айтты.
7/12 Украин халқының әйгілі ақыны Тарас Шевченко ескерткішіне гүл қойып жатқандардың көбі – ресейліктер. Азаттық тілшісі сөйлескен Ресей азаматтары былтыр соғыс басталғаннан кейін сәуірде Алматыға қоныс аударғанын, соғысты қолдамайтынын айтты.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
"Еске алу маңызды деп ойлаймын. Мен сияқты Қазақстан азаматтығы жоқ, Ресей азаматы үшін рұқсат етілмеген акция, пикетке шығу әрқашан қауіпсіз деп айта алмаймын. Ал мынадай шара еске алудың қауіпсіз амалы" деді ескерткішке гүл қойған адамдардың бірі Азаттыққа.
8/12 "Еске алу маңызды деп ойлаймын. Мен сияқты Қазақстан азаматтығы жоқ, Ресей азаматы үшін рұқсат етілмеген акция, пикетке шығу әрқашан қауіпсіз деп айта алмаймын. Ал мынадай шара еске алудың қауіпсіз амалы" деді ескерткішке гүл қойған адамдардың бірі Азаттыққа.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
24 ақпан күні таңертеңнен Тарас Шевченко ескерткіші маңында полиция өкілдері жиі көзге түсті. Олар көшенің әр тұсынан айналаны жіті бақылап тұрды.
9/12 24 ақпан күні таңертеңнен Тарас Шевченко ескерткіші маңында полиция өкілдері жиі көзге түсті. Олар көшенің әр тұсынан айналаны жіті бақылап тұрды.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Азаттық тілшісі Тарас Шевченко ескерткішіне жақын маңдағы аулада полицияның бірнеше көлігі тұрғанын, терезесі пердемен жабылған көліктің ішінде адамдар отырғанын байқады.
10/12 Азаттық тілшісі Тарас Шевченко ескерткішіне жақын маңдағы аулада полицияның бірнеше көлігі тұрғанын, терезесі пердемен жабылған көліктің ішінде адамдар отырғанын байқады.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Былтыр наурызда Алматы әкімдігі Украинадағы соғысқа қарсы митингіге рұқсат берген еді. Ол шараға мыңдаған адам қатысып, Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптаған. Бұл Қазақстанда биліктің келісімі бойынша, соғысқа қарсы өткен алғашқы әрі әзірге жалғыз митинг болды. Кейін елде тағы да осындай акция өткізгісі келген белсенділерге жер-жерде әкім рұқсат бермей қойды.
11/12 Былтыр наурызда Алматы әкімдігі Украинадағы соғысқа қарсы митингіге рұқсат берген еді. Ол шараға мыңдаған адам қатысып, Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптаған. Бұл Қазақстанда биліктің келісімі бойынша, соғысқа қарсы өткен алғашқы әрі әзірге жалғыз митинг болды. Кейін елде тағы да осындай акция өткізгісі келген белсенділерге жер-жерде әкім рұқсат бермей қойды.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Былтырдан бері қазақстандықтар Украинаның соғыстан зардап шеккен аймақтарына бірнеше рет гуманитарлық көмек жіберді, Ресейдің шабуылынан жарықсыз қалған Украина қалаларына генераторлар жөнелтті. Ал Украинадағы қазақстандықтар Буча, Киев және басқа қалаларға киіз үй тікті.
12/12 Былтырдан бері қазақстандықтар Украинаның соғыстан зардап шеккен аймақтарына бірнеше рет гуманитарлық көмек жіберді, Ресейдің шабуылынан жарықсыз қалған Украина қалаларына генераторлар жөнелтті. Ал Украинадағы қазақстандықтар Буча, Киев және басқа қалаларға киіз үй тікті.
Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанына бір жыл толды. Соғыс ондаған мың адамның өмірін қиып, миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Соғыстан қашқан украиндер де, ресейліктер де босып кетті. Халықаралық қауымдастық Ресейден соғысты тоқтатуды талап еткенімен, Мәскеу қантөгісті жалғастырып жатыр.
Previous slide
Next slide
• Былтыр наурызда Алматы әкімдігі Украинадағы соғысқа қарсы митингіге рұқсат берген еді. Бұл шараға мыңдаған адам қатысып, Ресейдің Украинаға соғысына қарсы шыққан. Бірақ кейінгі уақытта әр аймақтың әкімдіктері Ресей басқыншылығын сынайтын бейбіт митингілерге рұқсат бермей келеді.
XS
SM
MD
LG