Accessibility links

Михаил Саакашвилиді Польша дәрігерлерлері медицина тексерісінен өткізе бастады


Ауруханадағы Михаил Саакашвили сотқа онлайн қатысып отыр. Тбилиси, 3 шілде, 2023 жыл.
Ауруханадағы Михаил Саакашвили сотқа онлайн қатысып отыр. Тбилиси, 3 шілде, 2023 жыл.

Польшаның бір топ дәрігері Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиді жан-жақты медициналық тексерістен өткізе бастады. Мұны Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий кеше, 12 шілдеде мәлімдеді. Саакашвили 2021 жылы "президент кезінде билігін асыра пайдаланғаны үшін" алты жылға қамалған.

Саакашвили грузин сотының саяси астары бар деп санайды. Ол грузин түрмесіне түскелі әлденеше рет қарсылық білдіріп, аштық жариялаған, азып-тозған.

"Біз достарымызды қиын жағдайда тастап кетпейміз" деп жазды Моравецкий "Твиттеріне". –Менің өтішім бойынша Польшаның бір топ дәрігері Грузиядағы Михаил Саакашвилиді жан-жақты медициналық тексерістен өткізе бастады".

Бұған дейін Польша билігі Грузия үкіметінін Саакашвилиді Польшаға жіберіп емделуге рұқсат етуді сұраған. Одан кейін Украина президенті Владимир Зеленский де осыған ұқсас талап айтқан. Грузияның бұрынғы президенті де шетелде емделуге мүмкіндік беруді талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG