Accessibility links

Пәкістанда митинг кезінде жарылыс болып, қырықтан астам адам өлді


30 шілде, жексенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысында болған саяси митинг кезінде бомба жарылып, кемі 44 адам өлген. Жергілікті биліктің хабарына қарағанда 200-дей адам жараланған.

Жарылыс Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасына таяу тұстағы Баджауыр аймағының Хар қаласында исламшыл "Жамаат Улема Ислам" партиясының қолдаушылары өткізген митинг кезінде болған.

Бұл аймақ ауған тәліптерімен тығыз байланыс орнатқан Пәкістанның "Техрик-е-Талибан" радикал ислам қозғалысының базасы саналады. Кейінгі жылдары үкімет күштері бұл аймақтағы бақылауын нығайта түскен.

Полиция мәліметіне қарағанда, ислам партиясының кейбір жетекшілері мінберге шыққанда әлдекім өз-өзін жарып жіберген. Партия басшылары зардап шекпеген. Жарылыс артында кім тұрғаны беймәлім. Жарылысты Пәкістан билігі де, тәліптер де айыптаған. Al-Jazeera телеарнасының хабарына қарағанда, Пәкістан билігі жарылыс артында Пәкістан тәліптері тұрған болуы мүмкін деп қауіптенеді. "Жамаат Улема Ислам" ислам партиясы болғанымен үкіметпен ынтымақтаса жұмыс істемеген, ал "Техрик-е-Талибан" билікпен қарулы қақтығысқа дейін барады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG