Accessibility links

FT: Батыс украин сарбаздарын жаттықтыру ісінде білікті аудармашыға зәру


Украин сарбаздарын дайындықтан өткізіп жатқан Германияда білікті аудармашылардың жетіспеуі негізгі мәселеге айналып отыр. Бұл туралы Еуропа оодағының оқу-жаттығу миссиясы басшысының орынбасары, Нидерланд генералы Мартин Бонн айтты деп жазды Financial Times басылымы.

Бонның сөзінше, Украина мен Батыстағы одақтастары жіберген аудармашылардың көбіне біліктілігі төмен болып шығады. Мысалы, оларға күнделікті өмірде қолданылмайтын әскери терминдерді аудару қиынға соғады.

Financial Times дайындықтан өтіп жатқандардың құрамы да ала-құла – әртүрлі жастағы және дайындық деңгейі әртүрлі адамдар екенін жазады. Мысалы, бір сарбаздың жасы 71-де. Оларды дайындықтан өткізіп жатқан одақтастар Украина қарулы күштері (ЗСУ) жоғары білікті, шыңдалған жауынгерлерін майданнан әкеткісі келмейтін тәрізді деп топшылайды.

Басылым сөйлескендердің бірі украин сарбаздарын жаттықтырып жатқан Батыс әскери мамандарына көбіне Совет Одағы кезінде білім алған, "мұны онсыз да жақсы білеміз" деп есептейтін адамдармен жұмыс істеуге тура келетінін айтқан.

Бұған қоса Financial Times сөйлескен мамандар украин жауынгерлерінің ынта-жігері жоғары екенін атап өткен.

Германияда жылдың аяғына дейін 10 мың украин жауынгерін дайындықтан өткізу жоспарланған. Бұл Батыс елдерінің Украина қарулы күштерін танкілер, артиллериялық қару-жарақ және әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерімен қамтамасыз ету жөніндегі көлемді бағдарламаның бір бөлігі. Киев Еуропа мен АҚШ-тағы әскери лагерьлерде жиынтығы 60 мыңнан астам сарбазын дайындықтан өткізуді жоспарлап отыр деп жазады Financial Times.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG