Accessibility links

Ресей көліктерін Болгария да кіргізбейтін болды


Болгария Ресей нөмірін таққан көліктерді 2 қазаннан бастап кіргізбейтін болды. Бұл жөнінде Болгария шекара полициясының басшысы Антон Златанов айтқан. Златановтың сөзін жергілікті басылымдар жариялаған.

Златановтың сөзінше, Ресей нөмірін таққан жеңіл көліктер де, жүк көліктері де Ресейге кірмейді.

Болгария Ресеймен шектеспейді, болгар билігінің сөзінше, шекарадан өтетін Ресей көліктері көп емес. Ресейдің кейбір азаматтары Грузия, Түркия арқылы Болгарияға өтеді. Ресеймен шектесетін Еуропа одағы елдерінің бәрі Ресей нөмірін таққан көліктерге тыйым салған соң Болгария бағытымен жүретін көліктер көбеюі мүмкін.

Бұған дейін Ресеймен шектесетін Еуропа одағының елдері Ресей көліктеріне тыйым салған. Бұл тыйымды 8 қыркүйекте Еуропа одағы енгізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG