Accessibility links

"Алтын орда" маңындағы Кемертоған ауылының тұрғындары Алматыдан шығатын күре жолды жаппақ болған


Іргелі ауылының көшесі. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 26 сәуір 2017 жыл
Іргелі ауылының көшесі. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 26 сәуір 2017 жыл

Алматы қаласының шетіндегі Іргелі ауылдық округіне қарайтын Кемертоған ауылының тұрғындары қаладан шығатын жолды жаппақ болған. Бұл жөнінде Tengrinews.kz хабарлады.

Басылым жазуынша, оқиға 15 қазанда, түнде "Асыл арман" ықшам ауданы маңындағы Іргелі ауылдық округінде болған.

Оқиға болған жерден видео жариялаған kris.p.original хабарына қарағанда, ауыл тұрғындары электр қуатының ұдайы ажырап ақала беретініне наразылық білдірген. Тұрғындар сөзінше, электр қуаты жиі ажырайтындықтан су тоқтап, газ пештері өшеді, үйде жылу болмайды.

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің Tengrinews.kz-ке айтуына қарағанда, түнгі 22:00 шамасында болған оқиға әкімдік араласқан соң 00:15 кезінде тоқтап, адамдар тараған. Оқиғаға кезекші прокурор мен Қарасай аудандық полициясы барған. Электр қуатының ажырау себебі тексеріліп, жоғары вольтті кәбілдің күйгені анықталған.
Былтыр, 2022 жылы 17 қазанда да Алматыдан шығатын жол жабылған еді. Қаладан шыға берістегі "Апорт" сауда үйінің қарсы бетіндегі үй тұрғындары су берілмей жатқандығына наразылық білдірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG