Accessibility links

Мәскеуде әскерге барудан бас тартқан арғы тегі тәжік екі адамға іс қозғалды


Мәскеуде Тәжікстанда туып-өскен екі ер адамға қарсы әскерден қашты деген айыппен іс қозғалды. Бұл жөнінде Ресей тергеу комитеті хабарлайды.

Тергеу мәліметінше, 2004 және 2005 жылдары туған арғы тегі тәжік екі жігіт Ресей азаматтығын алған. Олар Мәскеудегі әскери бөлімшеден қашып кеткен. Қазір оларды іздестіріп жатыр.

Shot телеграм-каналы олардың біреуін жергілікті тіркелген жері бойынша ұстағанын хабарлады.

Ресейде әскерден қашу бабы бойынша екі жылға дейін түрме жазасы қарастыылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG