Accessibility links

Қарағанды облысында АМТ шахтасындағы өрттен қаза болғандар 32 адамға жетті


Қарағанды облысында Костенко атындағы көмір шахтасындағы өрттен қаза болғандар 32 адамға жетті. Жер астында қалған 14 кенші іздестіріліп жатыр.

Апат 28 қазанға қараған түні болған, жер астында 252 шахтер болған деп айтылады. 206-сы өз бетімен жер үстіне шыққан.

Түрлі дәрежеде жарақат алған 17 жұмысшы ауруханаға жатқызылған. Бір адам амбулаторлық емге жіберілген.

Апаттан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Сенбі күні ол Қарағандыға барып, кеншілердің туыстарымен кездесіп, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Ол үкіметке "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырған.

Қайғылы оқиға "АрселорМиттал Теміртаудың" өзге шахтасы – "Қазақстандағы" ірі апаттан кейін 2,5 айдан соң болып отыр. Тамыз айында онда 5 жұмысшы опат болған. Былтыр қарашада Ленин шахтасындағы апат бес адамның өмірін қиған. Ал оның алдында жарты жыл бұрын Теміртаудағы металлургия комбинатында конструкция опырылып түсіп, 4 адамды мерт қылған.

Арғы тегі үнді британдық миллиардер Лакшми Митталға қарайтын "АрселорМиттал Теміртау" үкіметтің мәлімдемелеріне реакция білдірмеді. Компания 90-жылдардағы жекешелендіру кезінде алған ірі активтер - Қарағанды көмір бассейніндегі сегіз шахта, совет кезінде салынған металлургия комбинаты мен тау-кен байыту фабрикасы және Теміртаудағы инфрақұрылым нысандарына иелік етеді.

Ресми мәлімет бойынша, "АрселорМиттал Теміртау" нысандарында кейінгі 15 жылда 120-ден астам адам опат болған.

XS
SM
MD
LG