Accessibility links

Чехияның бұрынғы президенті Милош Земан Путинмен дос болғанына өкінді


Владимир Путин мен Милош Земан
Владимир Путин мен Милош Земан

Чехияның бұрынғы президенті Милош Земан Ресей президенті Владимир Путинмен достық қатынасы өзінің саяси карьерасындағы үлкен қателік болғанын мәлімдеді. Чехияның Nova телеарнасына берген сұқбатында айтқан сөзіне "Настоящее время" назар аударған.

"Владимир Путин жөнінде қатты қателестім, өйткені санасыз адам ғана Украинаға басып кіру сияқты трагедиялық қателік жасайды", - деді 79 жастағы саясаткер. Земан 2013 жылдан 2023 жылдың наурызына дейін Чехия президенті болған.

Земан - Чехияның бүкілхалықтық сайлаумен сайланған алғашқы президенті. Путинмен достық қатынаста болды. Батыс жетекшілері Қырымды аннексиялаған Ресейге барудан бас тартып жатқанда 2015 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен жеңіс парадына барды.

Ол 2017 жылы Киев Қырым үшін Мәскеуден өтемақы алып, мәселені жаба салу керек деді. Екі жылдан соң да осы ойын қайталап, Мәскеу билігі Қырымды қайтаруға келіспейтінін айтты (Чехияның сыртқы саясатын министрлер кабинеті анықтайды, президент сөзі жеке ой-пікірі саналады)

Кремльдің үлкен соғысқа дайындалып жатқаны жөнінде 2022 жылы Америка барлауы таратқан мәліметтерге Земан күлген. Соғыс басталған соң қатесін мойындап, агрессияны айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG