Accessibility links

"Ведомости": Ресей ғылым академиясы шетелдіктермен сөйлескен зерттеушілерінің тізімін жасайды


Russian Science Academy
Russian Science Academy

Ресей ғылым академиясы қорғаныс білім және ғылым министрлігінің талабымен 2023 жылы Ресейде, немесе шетелде өткен барлық ғылыми іс-шараларға қатысқан Ресей ғалымдарының тізімін жасай бастаған. Бұл жөнінде "Ведомости" жазды.

Ресей ғылым академиясындағы мағлұматтарға сүйенген басылымның жазуына қарағанда, қызметкерлердің мәліметтері "2024 жылы Ресейде немесе шетелде халықаралық конгрес-көрме іс-шараларына қатысатындар жоспарын құру үшін" жиналады.

2019 жылы тамыздың ортасында Ресей білім және ғылым министрлігі өз қарауындағы ғылыми мекемелерде істейтін қызметкерлердің шетелдіктермен кездесу тәртібін белгілеген. Бұл тәртіп бойынша, олар шетелдіктермен жұмыс орнынан өзге жерде тек басшыларының рұқсатымен ғана кездесе алады. Одан кейін есеп беру керек. Шетелдіктердің ғылыми мекемелердегі кездесуі арнайы жабдықталған кабинетте ғана өтуге тиіс. Кездесу кезінде шетелдіктер дауыс жазатын құрылғы, мейлі ол телефон болса да, ұстауына болмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG