Accessibility links

АҚШ түрмесінде Джордж Флойдтың өліміне кінәлі танылған экс-полицей көз жұмды


Бұрынғы полицей Дерек Шовин
Бұрынғы полицей Дерек Шовин

АҚШ-тың Аризона штатындағы Tuscan ауруханасында афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне кінәлі деп танылып, 22,5 жылға сотталған бұрынғы полицей Дерек Шовин көз жұмды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Шовин жазасын өтеп жатқан түрмеде тұтқындардың біреуі оған пышақ ала жүгірген. Бірнеше жерден жарақат алған бұрынғы полицей реанимацияға түскен.

Бұған дейін Шовиннің адвокаты оның қауіпсіздігіне алаңдап, Шовинді ортақ камераға қамамауды сұраған.

2020 жылы мамырда құрамында Шовин де бар полицейлер тобы Миннеаполис тұрғыны Джордж Флойдты "жалған ақша пайдаланды" деген күдікпен ұстаған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда Флойд қарсылық көрсетпесе де, полицейлер Флойдты асфальтқа құлатып жатқызған. Шовин оның мойнын тізесімен қысып, нәтижесінде Флойд тұншығып өлген.

Флойдтың өлімі АҚШ пен өзге елдерде жаппай наразылық туғызды. Олар Black Lives Matter ("Қара нәсілділерді өмірі де маңызды") деген ұранмен өткен. Наразылардың айтуынша, полиция қара нәсілділермен дөрекі қарым-қатынас жасап, оларды жиі қудалайды.

2021 жылы маусымда сот Шовинді адам өліміне кінәлі деп танып, 22,5 жылға бас бостандығынан айырды. Шовин өзі кінәсін мойындамады. Миннеаполис билігі Джордж Флойдтың отбасына 27 млн доллар төлеуге келісті. Бұл Миннесота штаты тарихында азаматтық іс аясында адам өлімі үшін талап етілген ең жоғарғы өтемақы.

XS
SM
MD
LG