Accessibility links

Cауалнама: Украиналықтар қазір Зеленскийге қарағанда Залужныйға сенеді


Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) мен Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный қол алысып тұр. 2022 жылдың маусымы
Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) мен Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный қол алысып тұр. 2022 жылдың маусымы

Украина халқының президент Владимир Зеленскийге сенімі біраз төмендеген. Мұны Киевтегі халықаралық әлеуметтану институтының сауалнамасынан байқауға болады.

Сауалнамаға қатысқандардың 62 пайызы Зеленскийге сенеміз десе, 18 пайызы сенбейтінін айтқан. Бір жыл бұрын Зеленскийге сенетіндер 84 пайыз болған.

Ал Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужныйға сауалнамаға қатысқандардың 88 пайызы, Украина қарулы күштеріне 96 пайызы сенім білдірген.

Сауалнамаға қатысқандардың 59 пайызы Зеленскийге де, Залужныйге де сенетінін айтқан.

Украиналықтардың Жоғарғы радаға (15%), үкіметке (26%) сенімі төмен. Ал ұлттық полицияға (41%) мен Украина қауіпсіздік қызметіне (58%) сенімі орташа.

Украина мен Батыс БАҚ-тары қарымта шабуыл мәселесінде Украина президенті Зеленский мен Залужныйдың арасында қайшылық бар екенін бірнеше рет жазған. Қарашаның басында The Economist журналы Залужныйдың сұқбатын жариялаған. Сұқбатта ол соғыс тығырыққа тірелгенін айтқан.

Бұл сұқбаттан соң Зеленский "соғыс тығырыққа тірелді" деп санамайтынын мәлімдеп, бірақ жағдайдың күрделі екенін растаған.

Екеуі де Батыс жеткілікті қару-жарақ пен әскери ұшақ берген жағдайда табысқа жетуге болатынын алға тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG