Accessibility links

Навальный "Полярный волк" колониясынан алғашқы хатын жариялады


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Ресей оппозиционері Алексей Навальный Ямало-Ненецк автономиялы округіне қарасты Харп кентіне орналасқан колониядан алғашқы хатын жариялады. Ол өзіне алаңдағандарға алғыс айтып, жағдайының жақсы екенін айтқан.

Навальный хатында ерекше режимдегі колонияға 20 күнде этаппен қалай барғанын әңгімелеген.

"Сенбі күні (23 желтоқсан) жеткізді. Барынша сақтанып, біртүрлі бағытпен алып жүрді (Владимир — Мәскеу — Челябинск — Екатеринбург — Киров — Воркута — Харп). Мені бұл жақтан қаңтардың ортасына дейін біреу-міреу тауып алады деп үміттенбедім. Сондықтан кеше камерамның есігін ашып, "Сізге адвокат келіп тұр" деген қатты таңғалдым,- деп жазды Навальный.

Ол өзін колонияда қалай ұстап отырғанын да әңгімелеген. "Еденінде қар жатқан, терезесінен сыртқы қоршаудың қабырғасы ғана көрінетін көрші камераға серуенге апарады. Терезеге қарасаң түнді, одан кейін кеш болғанын, содан соң қайтадан түн болғанын ғана көресің. Айдауыл да Орталық Ресейдегідей емес, кинодағы секілді — жылы күрте, киіз етік киіп, автоматпен тұрады. Жанында әдемі овчаркалар жүреді" деп жазған оппозиционер.

Кейінгі 20 күн ішінде байланыс үзілгенін мәлімдеген Навальныйдың серіктері оны 25 желтоқсанда тауып, Ямало-Ненецк автономиялы округінде екенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG