Accessibility links

Биыл ЕО Украинаға көмектесу үшін көбірек снаряд шығара бастайды


Еуроодақтың ішкі нарығы мәселелері жөніндегі комиссары Тьерри Бретон.
Еуроодақтың ішкі нарығы мәселелері жөніндегі комиссары Тьерри Бретон.

Еуроодақтың ішкі нарығы мәселелері жөніндегі комиссары Тьерри Бретонның айтуынша, ЕО елдерінің кәсіпорындары биыл кемінде 1 300 000 артиллериялық снаряд шығарады.

19 қаңтарда Бретон Таллинде Эстония премьер-министрі Кай Калласпен бірге баспасөз жиынын өткізді. Жиын кезінде Бретон басты міндет Еуропада шығарылған снарядтардың көбін Украинаға жеткізу екенін айтты. RTBF-дің жазуынша, ЕО-ның қорғаныс өнеркәсібі алдында екі міндет тұр: Украинаға әскери көмек көрсету және өз резервін қалпына келтіру.

"Еуропа Украинаны барлық құралдармен қолдауға тиіс" деді ол. Оның сөзінен үзіндіні Бельгияның RTBF сайты келтіреді.

Оның сөзінше, Еуропа комиссиясы биыл да өндіріс қуатын арттыруға күш салмақ және 2024 жылы 1,3 - 1,4 миллион снаряд шығаруы мүмкін. Бретонның айтуынша, 2025 жылы да бұл көрсеткіш ұлғая бермек.

RTBF арнасының хабарлауынша, еурокомиссар құпия дерек болғандықтан қазір қанша снаряд шығарылып жатқанын айтпаған.

Еуропа комиссарының сөзінше, наурыз бен сәуір айларында бұрын қойылған міндет – снаряд шығару көлемін 1 миллионға жеткізу мәселесі шешілмек.

XS
SM
MD
LG