Accessibility links

Ресей әскери өндірісіне пайдаланатын жоғары технологияны Еуропадан көршілес "делдал елдер" арқылы алып отыр


Ресей 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында Еуропа одағынан құны 500 миллион доллларға жуық әскери өнеркәсібіне қажет тауар сатып алған. "Тауардың төрттен бірін Еуропаның өзінен тікелей, қалғанын үшінші елдердегі делдалдар арқылы алған" деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Журналистер әртүрлі мақсатта пайдалануға болатын тауарларға салынған санкцияның қаншалықты орындалғаны туралы Еуропа одағы шенеуніктерінің ішкі бағасымен танысқан. Оның ішінде зымыран техникасы мен өзге де жоғары технологиялы әскери өндірісте пайдаланылатын ондаған компонент пен түрлі деталь, электроника бар.

Еуропа одағы мұндай технологияны Ресейге жеткізіп отырған бірнеше елді анықтаған. "Оның ішінде Түркия, БАӘ, Сербия, Қытай және Орталық Азия елдері мен Армения бар. Бұл елдердің Ресейге аталған тауарлар бойынша экспортының күрт өскені - Мәскеудің қажеттілігін өтеуге толық жетеді" дейді Bloomberg.

Киевтің экономика мектебінің қаңтар айындағы есебіне қарағанда, Ресей әскери өндіріске қажет тауарды 9 ай ішінде 8,77 миллиард долларға сатып алған. Зерттеу қорытындысына қарағанда, бұл - санкцияға дейінгі саудадан 10 пайыз ғана аз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG