Accessibility links

Иранда парламент сайлауының екінші турында консерваторлар жеңіске жетті


Ирандағы сайлау
Ирандағы сайлау

Иранда консервативтік партия парламент сайлауының екінші турында жеңіске жетіп, парламентте басымдыққа ие болды.

Дауыс беру жұма, 10 мамырда өтті. Онда Ислам ақылдасу кеңесіндегі 290 орынның 45-і кімге тиесілі болатыны шешілді. Наурыздың басында өткен алғашқы турда да консерваторлар басым дауысқа ие болған еді. AP есебінше, екі турдың нәтижесі консерваторларға парламенттегі 290 орынның 233-ін бақылауда ұстауына мүмкіндік береді.

Парламент сайлауы елде жаппай наразылық басып-жаншылғаннан кейін өтіп отыр. Елдің рухани көсемі Әли Хаменеи азаматтарды сайлау учаскесіне келуге шақырған. Алайда сайлауға қатысу көрсеткіші ел тарихындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болды деп жазды Азаттықтың Иран қызметі.

Наурыз айында сайлаудың алғашқы кезеңінде сайлауға қатысу көрсеткіші 41 пайыз болған. Тегеранда бұл көрсеткіш 26 пайыз болған. Бейресми статистика Тегерандағы сайлауға қатысы белсенділігі 8 пайыз болғанын көрсеткен.

XS
SM
MD
LG