Ресей мен Украина келіссөзі еш нәтиже бермеді
Украинадағы соғысты тоқтату бойынша АҚШ, Украина және Ресейдің қатысуымен өткен Женевадағы бейбіт келіссөз нәтижесіз аяқталды. Бұл соғысты аяқтау жөніндегі кездесудің біріншісі де, соңғысы да емес. Тараптар талқы жалғасатынын айтты. Бірақ келіссөз қорытындысына Украина президентінің көңілі толмайды.