Қазақстан үкіметі шеттен келген азаматтарға ықтиярхат беру тәртібін өзгертіп, жаңа пилот жобасын іске қосты. Құжат бойынша, бұған қандас мәртебесін беру тәртібі де енеді. Азаматтар соттылығы туралы анықтама әкеліп, қазақ тілі мен тарихын білетінін растауы керек.