Декреттегі Олжас әкелердің басын қосып, бала тәрбиесін талқылайды
Семейлік Олжас Тұрсынов — Қазақстанда декретке шыққан санаулы әкенің бірі. Жақсы жалақысы бар жұмысын уақытша тоқтатып, сәбиін бағып-қағуды ұйғарған. Қазір Олжас жүзге жуық азаматтың басын біріктірген "Әкелер әлемі" чатын жүргізіп отыр. Чаттағы әкелер бала тәрбиесі туралы тозған түсініктерді өзгерткісі келеді.