Жерін қайтарған украиндар, үдеген шабуыл, тұтқыннан оралғандар | Соғыс жаңалықтары
Сәуір айында Украина Ресейдің шабуылын тежеп, әдеттегіден көп жерін қайтарып алды. Америкалық соғысты зерттеу институты Украина қарулы күштерінің дронды тиімді қолдануын стратегиялық жетістік ретінде атап өтті. Алайда бұл жетістікке жауап ретінде Ресей Киевке жаппай соққы жасап, салдарынан көптеген бейбіт тұрғын, соның ішінде балалар қаза тапты.