Украина Ростовқа соққы жасады, Зеленский Вашингтонға бармақ | Соғыс жаңалықтары
Ресейдің Дондағы Ростов қаласында түнгі шабуыл салдарынан ерлі-зайыптылар қаза тапты. Белгородта 10-нан астам адам зардап шекті. Ал Украинаның Запорожье, Харьков қалаларына басқарылатын авиабомба мен зымырандар түсті. Жергілікті билік қаза тапқандар мен жапа шеккендер барын мәлім етті. Соғыс өршіген тұста Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа барып, Дональд Трамппен кездесетіні хабарланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, екеуі Мәскеуге әуедегі атысты тоқтатуға ұсыныс жасауы мүмкін.