Мәскеуге ұшқан дрондар, қоймадағы жарылыс, Херсондағы қаза | Соғыс жаңалықтары
Кейінгі тәулікте Ресей мен Украина әуе күштері тағы да соққы алмасты. Мәскеу мэрінің дерегінше, қала мен облыс аумағын нысанаға алып ұшқан жүздеген дрон анықталған. Ресей де Херсон, Запорожье облыстарына соққы жасап, оннан астам адам жапа шекті. Ал Украинаның Каспий теңізіндегі кемелерге шабуылына Иранның шамына тиді. Тегеран өзіне тиесілі жүк кемесіне соққы жасалды деп мәлімдеп отыр.