Волгоградтағы жарылыс, қаралы күн, Солтүстік Корея зымыраны | Соғыс жаңалықтары
Мұнай өңдеу зауыттары кезек-кезек шабуылға ұшырап, істен шығып жатқан Ресей енді жанармайды Қазақстанда өңдеп, тасымалдауды ойластырып жатыр деп жазды Reuters агенттігі. Басылымға бұл туралы Қазақстанның энергетика министрлігі айтқан. Ал 30 шілдеден ауған түні Украина МӨЗ-ден бөлек Волгаградтағы сауда қоймасын жарды. Дрон шабуылы Дағыстан, Татарстан аумағында да тіркелген. Киевтің хабарлауынша, Ресей Кривой Рог қаласына жойқын шабуыл ұйымдастырған. Президент Владимир Зеленский Мәскеу Солтүстік Корея зымыранын қолданды деген күдік келтірді.