Accessibility links

АҚШ мемхатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісі Қазақстанға келіп, инвестиция мәселесін талқылады

Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев (оң жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур (сол жақта). Астана. 12 тамыз 2026 жыл.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев (оң жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур (сол жақта). Астана. 12 тамыз 2026 жыл.

Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капурды қабылдады.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, "Капур Қазақстан мен АҚШ энергетика, маңызды минералдар, озық технологиялар, цифрландыру, көлік және инвестиция саласындағы қарым-қатынасты кеңейтуге елеулі әлеует бар екенін атап өткен".

Екі тарап Қазақстанның су ресурстарын басқарудың жаһандық архитектурасын нығайту жөніндегі бастамасын, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ-ның жанына Халықаралық су ұйымын құру идеясын талқылаған.

Ал Капур X желісінде AlmatyInvest өкілдерімен кездесіп, Алматы қаласына шетелдік инвестиция тарту әдісімен танысқанын жазды. Мемлекеттік департамент өкілі АҚШ Алматыдағы жобаларға инвестиция салу мүмкіндіктерін, Алматы компанияларының АҚШ-қа инвестиция құю жолдарын қолдайды дейді.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Пол Капур қазір Орталық Азия елдерінде сапарда жүр.

XS
SM
MD
LG