Украина қайтарған жерлер, Путиннің даулы сапары, Польшада ұсталған тыңшы | Cоғыс жаңалықтары
14 тамызға қараған түні Украина әуе күштері Ресейдегі Усть-Луга портына тағы бір мәрте шабуыл жасады. Тверь облысындағы сауда қоймасы өртенген. Ресей тарабы да Украинаның бірнеше облысына дрон, зымыран ұшырды. Бұдан бөлек Владимир Путиннің Куриль аралдарына сапары ресми Токионың шамына тиді. Ал Польша билігі Мәскеудің тапсырысымен адам өлтірмек болды деген күдіктіні ұстағанын хабарлады.