Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Ресей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин Wildberries қоймаларына шабуыл жайлы алғаш рет мәлімдеме жасап, соққылардың "айтарлықтай салдары жоқ" деп мәлімдеді.
"Мұндай шабуылдардың айтарлықтай салдары жоқ, болған емес және болмайды да. Бірақ, әрине, зиянын тигізіп жатқаны анық. Мұны түсінеміз және көріп отырмыз, білеміз" деді ол Ұлттық жобалар және стратегиялық даму кеңесінің отырысында.
Шілдеден бері Украина Ресейдің қалаларындағы Wildberries қоймаларына соққы жасап, бірнеше адам қаза тапқан. Шабуыл салдарынан компанияның ірі қоймалары өртенген еді. Бұған дейін Wildberries қоймаларына шабуылдан 6 млрд доллардың тауары жанып кеткені айтылған еді. Бұл – Ресейдегі ірі бір облыстың бюджеті.
Reuters агенттігі спутниктен түсірілген суреттерді талдап, маркетплейс Ресейдегі қоймаларының шамамен 20 пайызынан айырылған болуы мүмкін деген қорытынды жасады.
1/7
Vantor компаниясы Wildberries-тің Волгоградтағы қоймасының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Біріншісі 14 шілдеде, екіншісі 1 тамызда – Украина шабуылынан соң түсірілген.
Дейін
Кейін
2/7
Wildberries-тің Электростальдағы қоймасы 16 мамыр және 5 тамыз күндері түсірілген. Бұл қойма шілденің аяғында Украина дрондарының шабуылына ұшырады. Салдарынан нысан толықтай жанып кеткен.
Дейін
Кейін
3/7
Симферопольдағы қойманың 22 шілде және 4 тамызда түсірілген суреттері. Vantor компаниясының кадрлары.
Дейін
Кейін
4/7
Краснодардағы Wildberries қоймасы спутник камерасына 21 шілде күні түскен. Көп ұзамай украин күштері бұл жерге де соққы жасады. 5 тамыздағы сурет ғимараттың қандай күйде екенін көрсетеді.
Дейін
Кейін
5/7
22 шілде күні Невинномыскіде түсірілген суретте Wildberries қоймасынан қалың түтін шығып жатқаны көрінеді. Суретті Еуроодақтың Copernicus Sentinel-2 спутнигі түсірген.
Дейін
Кейін
6/7
Planet Labs PBC компаниясы жариялаған мына суреттерден Ресейдің Самара облысындағы Новосемейкинода орналасқан Wildberries қоймасын салыстыруға болады. Бұл қоймаға украин дрондары 2 тамызда шабуылдаған.
Дейін
Кейін
7/7
Алексиндегі Wildberries қоймасынан шыққан түтін. Ресей, 6 тамыз. Екінші суретті 19 шілдеде, яғни шабуылға дейін Еуроодақтың Copernicus Sentinel-2 спутнигі түсірген.
Previous slide
Next slide
Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Wildberries қоймалары санкцияға іліккен заттарды, дрон шығаруға қажет бөлшектерді, навигация жабдықтарын және өзге де әскери мақсаттағы өнімдер жеткізуге пайдаланылып отыр деп мәлімдеген.
Украина дрондарының шабуылынан шығынға ұшыраған Wildberries тауарларын Өзбекстан, Беларусь және Қазақстанда сақтау жағын қарастырып жатқаны айтылған.