Пермьдегі мұнай зауыты өртенді. Украинада зымыран, Ресейде бензин тапшы | Соғыс жаңалықтары
Ресей Қорғаныс министрлігі бір түнде Украина әскерінің 325 дронын қағып түсірдік деп мәлімдеді. Дегенмен Пермьдегі «Лукойл» мұнай өңдеу зауытына дрон түсіп, өрт шыққан. Ал Украинаның Харьков облысына шабуылдан екі адам қаза тапты. Киевке соққыдан көз жұмғандар 17-ге жетіп, жұрт марқұмдарды аза тұтты.