Мұнай зауытындағы өрт, шекара бекетіне шабуыл, Киевтегі мереке | Соғыс жаңалықтары
25 тамызға қараған түні Украина дрондары Краснодар өлкесі Афипский елді мекеніндегі және Ростов облысындағы мұнай зауыттарына шабуыл жасады. Зауытта өрт шыққан. Ал Ресей қарулы күштері түнде Киевті атқылап, Украинаның Молдовамен шекарасындағы бекетке шахед дронын ұшырды. Бұл уақытта Украинаның тәуелсіздік мерекесіне келген шетел басшылары Киевте жүрді.