Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай кім?
Президенттің саясатын ашық қолдайтын «Әділет» партиясының лидері Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Еңбек жолын университет оқытушысы ретінде бастаған Дәдебайдың саяси карьерасына қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев ықпал етті. Ол 2008 жылдан бері Тоқаевтың жанында жұмыс істеп келеді.