Ресей майданда «ілгерілеп келеді», Киевте 12 адам қаза болды, Модидің сөзі
Ресей әскері Киев пен оның айналасына жаппай әуе шабуылын жалғастырып жатыр. 1 қыркүйекке қараған түні Киев пен Киев облысында 12 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Осы уақытта Ресей әскері Украинаның шығысындағы Дружковка қаласына 15 шақырымға дейін жақындаған. Ал Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатып, бейбітшілікке қарай жылжуға шақырды. Путин бұған Ресейдің «осы бағытта алға жылжып келе жатқанын» айтумен шектелді.