Украина дрондары алғаш рет 3 мың шақырым жердегі нысанаға түсті | Cоғыс жаңалықтары
Новороссийскіге дрон шабуылы кесірінен Каспий құбыр консорциумында мұнай тиеу кідірді. Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Кишиневтен Ослоға ұшып шыққан кезде әуеде "дрон тие жаздаған". Украина дрондары алғаш рет шекарадан үш мың шақырымдай жердегі Ямал, яғни Сібірдің солтүстігіндегі жер қойнауы бай түбекке шабуыл жасады.