Ресейдің Новороссийск портына тағы шабуыл жасалды
Украинаның Ресейдегі Новороссийскіге жасаған дрон шабуылы мұнай тасымалына да әсер етті. Қаладағы мұнай терминалы мен әскери-теңіз базасы нысанаға алынып, бірнеше әскери кеме зақымданған. Шабуылдан кейін Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыты саналатын Каспий құбыр консорциуымында да мұнай тиеу уақытша тоқтатылды.