Зеленскийдің ізіне түскен дрондар, Ресей-Украина бітімі, Польша шекарасы. Соғыс жаңалықтары
Украина президенті Владимир Зеленский кейінгі апталарда Ресей дрондары оның президенттік ұшағына байланысты Молдова әуе кеңістігіне екі рет кіргенін мәлімдеді. Ол соғыста енді екі тарап үшін де толық жеңіс болуы мүмкін емес екенін айтып, басты мақсат адам өмірін сақтап, соғысты тоқтату болуы керек деді. Осы уақытта АҚШ Украина мен Ресей арасындағы келіссөзді жандандыруға тырысып, тараптарға жаңа ұсыныстар жасап жатыр. Вашингтон энергетикалық нысандарға соққыны өзара тоқтатуды да ұсынып отыр, бірақ мұндай келісімнің нақты шарттары әзірге бекітілген жоқ.