Украина 855 шақырымға ұшатын зымыран жасап жатыр. Қару қашан дайын болады? | Соғыс жаңалықтары
Жексенбіде Киевтегі басты көпірлердің біріне Ресей дрондары түсті. Шабуыл сәтінде Украина астанасында болған Германия канцлері Фридрих Мерц Кремльді соғысты тоқтатуға шақырды. Екі ел шекаралас аймақтарда да бір-біріне соққы беріп, екі тараптан бейбіт тұрғындар қаза тапты. Мәскеу қаржылай тапшылықты жабу үшін ірі бизнестен «ерікті жарна» жинаған. Киев осы күзде алысқа ұшатын жаңа баллистикалық зымыранын таныстыруға бекініп отыр.